Негізгі / Жаңалықтар / Ақтауда әскери қызметшілерге арналған үй ауласына үш жылдан бері ойын алаңын сала алмай келеді

Ақтауда әскери қызметшілерге арналған үй ауласына үш жылдан бері ойын алаңын сала алмай келеді

"Nur Otan" партиясының қоғамдық қабылдауына келген маңғыстаулықтардың арызын, мәжіліс депутаттары тындады.  Өңір-өңірді аралаған халық қалаулылары әрбір тұрғынның талап-арыздарын тыңдады. Солардың бірі - Мадияр Рсаев. Ол үй ауласына балалар алаңқайын салуға көмек сұрады. 140 тұрғыны бар әскери қызметшілерге арналған көпқабатты үйде 60-тан аса бала бар. Ақтаулық азамат шенеуніктер 3 жылдан бері бір алаңқайды салып бере алмай келеді, дейді.

Мадияр РСАЕВ:

Бұл мәселені жергілікті, қалалық бюджеттің ақшасымен реттейміз деген. Алайда, әлі күнге дейін шешілмей келеді. 

Партия мүшелері бұл мәселені бақылауға алатын болды. Қала әкімінің орынбасарына тапсырды. Қоғамдық қабылдауға, бұдан бөлек, ем алуға квота мен шет тілін үйренуге тегін курстар сұрап келгендер болды. Мәжілісмендер шағымданғандардың арызын жергілікті деңгейде шешіп берді.

Ержан ҚҰДАЙБЕРГЕН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Азаматтардың айтып жатқан мәселелерін дәл осы бүгін, осы жерде шешуге тырыстық. Барлығы жауапсыз қалмайды. Назарсыз қалмайды. Барлық шешім өз орнын табады.

А. Мүтәлі