Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Шымкентте қос бүлдіршін тағамнан уланбаған

AstanaTV
08.11.2019ж. 20:00
2314
Шымкентте қос бүлдіршін тағамнан уланбаған

Шымкентте қос бүлдіршінінен айрылған отбасы тағамнан уланбаған. Зертханаға жіберілген азық-түлікке жасалған сараптама қорытындысына сүйенген санэпидемиологтар ажалдың астан келмегеніне сенімді. Дүкеннен алынған дайын түшпарадан бөлек үйдегі тоңазытқыш пен ас үйден отызға тарта азық зертханаға жіберілген болатын. Мамандар бактериологиялық және химиялық анализдердің ешбірінен зиянды зат анықталмағанын айтты. Тек түшпараның көгерген-көгермегенін анықтайтын сараптама қорыындысы шықпаған. Дегенмен оның өлімге әкеп соғуы мүмкін емесін айтады. Мамандардың ендігі бір күдігі отбасы ас-ауқат әзірлеуге қолданатын пропан газында болып тұр. Өйткені көпқабатты үй табиғи газға қосылмаған.

Алмат ҚОСАЛИЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір мынау «Токсическое действие окиси углерода тяжелой степени тяжести» деген диагноз не снимается.  Бұл жерде енді тағамнан улану деген күдіктін бәрі жоқ болып отыр.  Түшпарадан қандай да бір зиянды, нормаға келмейтін, гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін зиянды нәрселер анықталған жоқ.

Департаменттегілер сонымен қоса медициналық мекемелердің науқастарға қаншалықты сапалы қызмет көрсеткенін де тексеретін болады. Еске салайық, 3-қараша күні бір отбасында бес адам белгісіз заттан уланып, екі бүлдіршін ауруханада жан тапсырған болатын.

А. Төребекқызы