Негізгі / Жаңалықтар / Ауыл әйелдерінің потенциалын арттыру керек - М.Айсина

Ауыл әйелдерінің потенциалын арттыру керек - М.Айсина

Ауыл әйелдерінің әлеуетін арттыру қажет. Осы мақсатта ел астанасында "Қазақстан әйелдерінің ауылды кешенді дамытуға қосқан үлесі және ТМД-2030 жетістіктері" атты форумы өтуде. Шараға 300-ге жуық делегат келген. Қазақстаннан өзге Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия елдерінің өкілдері бар. Олар сарапшылармен, бизнесмендермен, саясаткерлермен бірлесіп ауылдағы бизнес идеяларды қолдау, сұранысқа ие жобаларды анықтауы тиіс. Делегаттар өз тәжірибелерімен бөліспек. Айта кетейік, Форум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл жасаған Жолдауының аясында қолға алынып отыр.

Майра АЙСИНА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
 
Мақсатымыз ,әрине, әйелдерді кішкене мынау экономикаға тарту. Себебі, бүгінгі таңда мемлекеттік те бағдарламалар толып жатыр. Бірақ енді өздеріңіз білесіздер. Қала менен ауыл адамдарының мүмкіншіліктері өзгеше. Себебі, қалалықтар біліп тұрса ауылдарға кейде жетпей қалады ақпараттың бәрі.

А.Данияр