Халық табысының өсуі инфляцияның көтерілуіне әсер етіп жатыр. Үкімет отырысында осылай деген Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев құнсыздану деңгейіне әсер етіп жатқан негізгі факторларды атап өтті. Бас банкирдің мәліметінше, инфляция өсіміне тағам бағасының қымбаттауы да әсер етіп отыр. Жыл басынан бері азық-түлік 9,7 пайызға өскен. Нан мен жарма бағасы 14 пайызға көтерілсе, ет өнімдерінің құны 13,8 пайызға өскен. Ал қазан айында көкөніс бағасы бірден 7,5 пайызға шарықтап кеткен. Коммуналдық қызметтер құны де өсіпті.
Ерболат ДОСАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ:
Әлемдік нарықтардағы азық-түліктің қымбаттауы, сондай-ақ халық кірісінің ұлғаюы аясында ішкі сұраныстың кеңеюі, инфляцияның өсуі үшін негізгі тәуекелдер болып отыр.
А. Мүтәлі