Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жыртылған басты жалау ауыстырылды

AstanaTV
12.11.2019ж. 20:00
4883
Жыртылған басты жалау ауыстырылды

Елдің бас жалауы ауыстырылды. Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік символдар алаңына орнатылған бас тудың жыртылғанын тұрғындар бүгін таңертең байқаған. Оны арнайы инженер-операторлардан құралған топ күтеді. Алайда, басты рәмізіміздің қанша уақыттан бері бақылаусыз қалғаны әзірге белгісіз. Бұл жағдайдан жергілікті әкімдік хабарсыз болыпты. Олар дереу қалпына келтіреміз деді.   

ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ӘКІМДІГІ:

Ауа-райының күрт өзгеруінен, яғни 8 метрге жел соққаннан кейін, ту зақымдалды. Жалауға тәулік бойы бақылау жүргіземіз. Хабар жеткен соң, бірден оны төменге түсірдік. Сағат 12 шамасында оны ауыстырдық.

А. Мүтәлі