$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Депутаттар банк борышкерлерін шетелге шығармау тыйымын алып тастауды ұсынды

AstanaTV
13.11.2019ж. 20:00
2123
Депутаттар банк борышкерлерін шетелге шығармау тыйымын алып тастауды ұсынды

Банк алдында берешегі бар тұрғындарды шетелге шығу құқығынан неге айыруымыз керек?! Керісінше төлем қабілеті төмендерге қарыз беретін банктерге талапты күшейту қажет. Мәжіліс отырысында депутаттар Ұлттық банк төрағасына осындай депутаттық сауал жолдады. Оған пайда табуды көздеген банктердің ашкөздігін айыптады. Ал қарызға белшеден батқан қаржы ұйымдарының кейін мемлекеттен көмек сұрайтындарын айтып отыр.  

Ирина Смирнова, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: 

Соңғы он жылда банк секторына көмек жүйелі сипатқа ие болды. Олар қарыз алушылардың төлеу мүмкіншілігі бар-жоғын анықтай алмайды. Борышкерлерді шетелге шығармауа мәселесін қайта қарау керек. Ұлттық банк оларға ерік бере отырып, қосымша әлеуметтік қауіп-қатерлер тудырады және еліміздің егемендік рейтингіне нұқсан келтіреді. 

Ә. Өмірзақ