Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Туған күнге берілген 5 мың теңге сыйлық соңы, 500 мың теңге айыппұлмен аяқталды

AstanaTV
14.11.2019ж. 20:00
2993
Туған күнге берілген 5 мың теңге сыйлық соңы, 500 мың теңге айыппұлмен аяқталды

5 мың теңге үшін, 500 мың теңге айыппұл. Атыраулық 31 жастағы азаматша инспектордың ұялы телефонына бірлік саламын деп басы пәлеге қалды. Ұрлықпен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектелген атыраулық, пробация қызметіне мінез-құлқына есеп беруге келген. Сол мезгілде инспектордың туған күні екенін естіп қалыпты. Келесі күні 5 мың бірлік салып, құттықтап хабарлама жіберген. 22 жастағы инспектор сыйдан бас тартты.  

Нұрлан ОТАРӘЛИЕВ, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ: 

Біздің инспекторімізге 5 мың теңге ұялы телефонына сыйақы салған. Сол бойынша инспекторымыз қазіргі таңда басшы құрамға хабарлап, әкімшілік жазаға тартылды манағы сотталған азаматша. Сол бойынша 507 мың айыппұл салынды. 

Айта кетейік, бұл аймақта пробация қызметінде 667 адам есепте тұр. Олар шарттық шектеу жазасымен сотталғандар, кейінге қалдырылғандар мен кәмелетке толмағандар.  

Б. Надирқызы