Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстанда мал ұрлығымен айналысқан екі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

AstanaTV
15.11.2019ж. 20:00
3013
Қазақстанда мал ұрлығымен айналысқан екі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Қазақстанда мал ұрлығымен айналысқан екі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер миистрлігінде өткен брифингте мәлім болды.  

Сағат МӘДИЕВ, ІІМ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Екі ұйымдасқан қылмыстық топты Түркістан және Ақтөбе облыстарында анықтадық. Олар екі ай бұрын жедел ұстау шаралары кезінде ұсталды. Қазіргі уақытта бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр. Іс сотқа берілетін болады. Олар ұрлықты биылғы жылы бастаған. Бүгінгі күні мал ұрлығы бойынша тұрақты түрде айналысатын барымташылар тобы жоқ.

Ведомствоның мәліметінше, соңғы 5 жылда мал ұрлығы бойынша 11 мың барымташы ұсталса, оның 1 жарым мыңы қылмыстық топ мүшелері. Оның ішінде полиция қызметкерлерінің қатысуымен болған қылмыстар да бар. Соңғы 5 жылдықта 3 тәртіп сақшысы мал ұрлығымен айналысқан. Мұндағы екі қызметкер - Шығыс Қазақстан облысынан болса, бірі - Атырау облысынан анықталған. 

А. Мүтәлі