Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Екібастұзда көмір тиеген вагон тіркемелері соқтығысып, бір жұмысшы ауыр жарақат алды

AstanaTV
15.11.2019ж. 20:00
2374
Екібастұзда көмір тиеген вагон тіркемелері соқтығысып, бір жұмысшы ауыр жарақат алды

Екібастұзда көмір тиеген вагон тіркемелері бір-біріне соғылып, жұмысшы ауыр жарақат алды. Төтенше жағдай "Богатырь"- көмір" кенішінде болған. Алғашқы тексеру қорытындылары бойынша тоқтан ажыратылған локомотив жүк вагондарымен бірге артқа қарай жылжып кетіп, кеніштің темір жолында тұрған басқа вагондарға соғылған. Осының салдарынан 48 тіркеменің 28-і қирапты. Оқиға болған сәтте локомотив кабинасында машинист пен оның көмекшісі болған. Машинст көмекшісі секіріп кетіп, аман қалды. Ал, машинист кабинасында қысылып қалған. Қазір осы оқиғаға байланысты өңірдің өндірістік қауіпсіздік департаменті мен Еңбек басқармасы тексеру жұмыстарын бастады.  

Абылай САБЫРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 

2 Локомотив соқтығысып, соның салдарынан "Богатырь"-көмір" жұмысшысы зардап шекті. Қазіргі таңда тергеу ұйымдастырылып жатыр. Тергеу аяқталған соң, мән-жайы жазатайым оқиғаның және себептері анық болады.

Ө. Қуанар