Қазақстандық Ержан Максим Польшада өтетін «Junior Eurovision» байқауында күллі түркі елінің намысын қорғамақ. Бұл байқауға қазақ елі осымен екінші рет қатысқалы отыр. Әлемнің 19 елінен келген өнерпаздар Гливице сахнасында өнер көрсетеді. Ұйымдастырушылар халықаралық додада жерлесімізге қолдау көрсетуге шақырды. Ержан жаһан назарын қаратқан ән байқауында Хамит Шанғалиевтің «Арманыңнан қалма» әнін орындайды.
Ерлан БЕКХОЖИН " ХАБАР "АГЕНТТІГІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
Ержанның жетістікке жетуі халықтың тікелей қолдауына байланысты. Сондықтан оған барынша қолдау көрсетуіміз керек. Себебі, бұл жолы Әзірбайжан мен Түркия елдері қатыспайды. Түркі халықтарының арасынан жалғыз Ержан ғана қатысқалы отыр. Оған артылар жүк ауыр.
Ғ. Өтемісов