Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қостанайда 500 жұмыс орындық сауда орталығы ашылды

AstanaTV
18.11.2019ж. 20:00
2105
Қостанайда 500 жұмыс орындық сауда орталығы ашылды

Қостанай қаласындағы сауда нысандарының қатарына тағы бір көрікті ғимарат қосылды. Шаһарда «Апельсин» сауда орталығы ашылды. Тобыл өзенінің оң жағалауында орналасқан алып кешеннің аумағы 11 мың шаршы метр. Жаңа гипермаркет тұтынушыларға 50 мыңнан астам тауар түрін ұсынады.  

Құрылысы 3 жылға созылған 2 қабатты нысанның жобалық құны 1 миллиард 550 миллион теңге. Бірінші қабатта азық-түлік және тауарларға арналған сауда залы орналасқан. Ал желтоқсан айында пайдалануға берілетін екінші қабатта үйге қажетті тауарлар мен киім-кешек сатылмақ.  

Валерий КАЛАШНИКОВ,КӘСІПКЕР: 

Сауда орталығында азық-түлікті сақтау, қайта өңдеу және күнделікті қажетті тауарларды өткізу үшін соңғы үлгідегі заманауи құрал-жабдық орнатылған.

Жаңа орталыққа бес жүзге тарта адам жұмысқа орналасты. «Апельсин» қала мен Қостанай ауданының бел ортасында салынған. Сондықтан оң жағалаудағы оңаша жер шаһар және шетіндегі бірнеше елді-мекен тұрғындарына өте қолайлы. 

БЛИЦ: 

-Затобол ауылында тұрамын.Бізге жақын.Бәрі жақсы.Бәрі бар. 

-Бағасында айтарлықтай айырмашылықтар бар деп айта алмаймын.Басқа супермаркеттермен негізі бір қалыпта барлық бағалары.Ал бірақ супермаркет әдемі,үлкен, жылы.Адам сыйымды.Алда жаңа жыл келе жатыр.Үлкен кезектер болмайды деп ойлаймын. 

Алдағы уақытта сауда орталығының іргесінен тағы бір нысан бой көтереді. Онда тұрмыстық және спорттық тауарлардың сан -алуан түрі сатылмақ. Сөйтіп сары түсті сауда кешеніннің көкжиегі кеңейе түседі. 

Архимед МҰХАМБЕТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің тапсырмасы жергілікті жерлерде шағын орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай туғызу арқылы ,экономиканы дамыту болып табылды.Соның бір дәлелі,айғағы ретінде бүгін біз жаңа айтып кеткендей сауда орталығын ашып отырмыз.

Айта кетейік "Апельсиннің" ашылу құрметіне орай қос автокөлік ұтысқа тігілді. Темір тұлпардан 5 мың теңгеден жоғары қаражатқа сауда жасағандар үмітті.  

З. Санай