Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Нұр-Сұлтанда жаңа пошталық марка таныстырылды

AstanaTV
20.11.2019ж. 20:00
1818
Нұр-Сұлтанда жаңа пошталық марка таныстырылды

Нұр-Сұлтанда жаңа пошталық марка таныстырылды. БҰҰ-ның ЮНИСЕФ қоры мен ҚазПошта арасындағы ынтымақтастық аясында жасалған жаңа марканың бүгін 30 000 мың данасы сатылымға шықты. Тұсаукесер Бала құқықтары туралы конвенцияның 25 жылдығына орайластырылған.  

Бала құқықтарын қорғауға бағытталған шара екі мекеменің ынтымақтастыққа қол қоюмен басталды. Пошташылар бұл арқылы ел азаматтарын инклюзия мәселелеріне, отбасы құндылықтары мен әр бала үшін тең мүмкіндік жасалуына ерекше назар аударуға шақырмақ. Жаңа бастама, әсіресе балалардың көңілінен шыққан. Олар мөр басу салтанатында өздернің қолтаңбасын қалдырып үлгерді.  

Артур ВАН ДИЗЕН, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЮНИСЕФ ӨКІЛІ:  

Бүгін тарихи күн. Бала құқығы туралы конвенцияға 30 жыл. Ал Қазақстан үшін бұл екі есе тарихи оқиға. Өйткені, биыл Бала құқықтары туралы Конвенцияға қол қойғанына 25 жыл толды. Мен пошта қызметкерлеріне серіктестік үшін және мерейтойлық марка шығарғаны үшін алғыс айтамын. Бұл біздің ортақ борышымызды тағы да еске салып, әрбір балаға бақытты балалық шақ сыйлайтын болады деп үміттенеміз.

«ҚазПошта» бұған дейін де әр салаға арнап түрлі тақырыпта маркалар жасап шыққан. Бүгінде сатылымда оның 10 000-ға жуық түрі бар. Пошта маркаларында қорғау элементттері УФ-бояумен орындалған. Бұл жолғы жұмыстың авторы - қазақстандық суретші Багиров. Ол марканың дизайнында елорданың жағалауы безендіріліпті. Бір марка - 140 теңге тұрады. 

Сәкен СӘРСЕНОВ, "ҚАЗПОШТА" АҚ БАСШЫСЫ:  

Осы мекемемен бірге біз осындай марка шығарып, 30 мың данамен тиражға шығардық. Осы марканы біздің Қазақстандықтар бір жерге хат жібергенде, сатып алып пошта бөлімшелерінен сатып алып жіберуге мүмкіндігі бар.

Қазақстандағы пошта маркасы бұған дейін балалар құқығы туралы Конвенцияның 20 жылдығына орай шығарылған. Бұл жолғы жаңа марканы кез келген қазпошта мекемесінен сатып алуға болады.  

А. Мүтәлі