Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ел азаматтары «ҚазПошта» қызметіне шағымданды

AstanaTV
21.11.2019ж. 20:00
1772
Ел азаматтары «ҚазПошта» қызметіне шағымданды

Астана телеарнасының арнайы телефонына хабарласқандар "ҚазПошта" қызметіне шағымданды. Олар поштаның жеткізу қызметіне наразы. Бірі - құжатты уақытылы ала алмай, маңызды келісім-шартымнан айырылып қалдым десе, енді бірі - қажетті тауарларын дер кезінде ала алмай әлек. Пошта арқылы жіберілген сәлем-сауқатты айлап күтіп жүргендер де бар.

Ардақ АЙТЫҚҰЛОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Посылка 7-ші ноябрде шықты. Петропавл қаласынан. Әлі жоқ. Бүгін 20-ы уже. Анау какой то бір отслежование бар ғой. Содан қарағам. 12 ноябрь Алматы почтада болды. Какой-то Илияский шоссе де. И до сих пор сол жерде тұр. Неужели сол 12 ноябрьден нельзя было жіберуге. Ештеңе айтпайды, білмейміз. Білмейміз дейді. Колцентр, соған дозвониться не смогла.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІСІ:

Біз қазір тікелей эфирде «ҚАЗПОШТА» өкілдерімен байланыс орнатып көрейік. Бізбен логистика департаментінің директоры Жанболат Ақтаев байланыста. Жанболат Әнуарұлы қайырлы кеш, пошта жүйесінде мұндай ақаудың болу себебі неде?

Жанболат АҚТАЕВ, "ҚАЗПОШТА" АҚ ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ ӨНДІРІС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Пошта жүйесіндегі ақау жайлы айтар болсам, әр түрлі себептер болуы мүмкін. Басты себеп ретінде, мекен-жайдың, ол кісінің аты-жөнінің толық көрсетілмеуі немесе болмауы себептері қатты әсер етеді. Ал пошта тасуға қатысты сұрақты қала арасында күнделікті жүргізіледі. Облыс орталығынан, аудан орталығынан, ең шалғайдағы ауылдарға дейін бізде тұрақты пошта барып тұрады. Сондықтан жаңағыдай кейбір ақаулар болатын болса, біздің ҚазПошта-ның хабарласу орталығына хабарласуларыңызды сұраймын.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Ел тұрғындары поштаның байланыс нөмеріне хабарласу мүмкін емес дейді. Бұған қатысты не айтасыз?

Жанболат АҚТАЕВ, "ҚАЗПОШТА" АҚ ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ ӨНДІРІС  ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл жағдай бізде байланыс номерлері көрсетілген. Жұмыс істеп тұр. Егер хабарласу тіпті мүмкін болмаса, біздің әлеуметтік желілер арқылы немесе ҚазПоштаның сайтына, өздеріңіздің жазбаша нөмерлеріңізді білдірулеріңізге болады.

Сауалдарымызға жауап бергеніңіз үшін рақмет! Студиямен байланыста болған «ҚазПошта» Акционерлік қоғамының логистика департаментінің директоры Жанболат Ақтаев. Көрерменіміз өзінің мәселесіне қатысты қандай да бір ақпарат алды деп ойлаймыз. Егер сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын іздейміз. Заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады.


А. Мутали