Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Шымкентте 25 мектептің әжетханасы сыртта орналасқан

AstanaTV
22.11.2019ж. 20:00
3330
Шымкентте 25 мектептің әжетханасы сыртта орналасқан

Білім ошақтарындағы әжетхана мәселесі Шымкентте де өзекті. Еліміздегі үшінші мегаполисте 25 мектептің оқушылары әлі күнге сыртқа шығады. Шаһарда жалпы 133 орта мектеп болса, соның 13-інде әу баста бұл қажеттілік қарастырылмапты. Мәселен, № 17 орта мектепте 1300 бала оқиды. Ата-аналар әсіресе қыста қиын деп отыр. Олар Тараздағы жағдай болмай тұрып-ақ мәселені көтеріп келе жатқандарын айтты. Мектеп басшылығы мұны ғимараттың тым ескілігімен байланыстырып отыр. 1938 жылы салынған нысанда әу баста қаралмапты. Дегенмен қауіпсіздік жағы ескерілген. Бірақ бейнекамера орнатылған. Мектеп директоры қосалқы ғимараттың жобалық сметалық құжаты әзір тұрғанын жеткізді. 

Сәулен ЫСҚАҚОВА, ЛЕРМОНТОВ АТЫНДАҒЫ № 17 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Желтоқсанның 15-не депутаттар отырысында осы мәселе көтеріледі. 2020 жылы құдай қаласа бізге мектеп салынуға жоспарланып отыр. -Қанша қаржы қажет оған?- Қаржы 580 млн теңгедей. Осы ескі ғимарат пен жаңа соғылатын ғимараттың арасында екеуі қосылып, осы екі ғимараттың да оқушылары бір әжетханаға баратын болады, жаңа типті мектеп салынғалы жатыр.

Білім басқармасындағылардың мәліметінше, 25 мектептің 19-ы қалаға аудандардан қосылған. Мұндай қиындық мектептерде ауыз судың жоқтығы, ғимараттардың ескіруі мен ыңғайластырылуынан туындап тұр. Бірақ білім басқармасы осы мәселені шешудің кешенді жоспарын әзірлеп қойған. Дей тұрғанмен биыл жеті білім ошағында сырттағы әжетханасына жылу кіргізіп, ауыз мен электр жарығын жүргізіп, жылытып қойғандарын айтты.  

Ерлан ПІРІМҚҰЛОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: 

2023 жылға дейін бұл мәселені шешуді біз жоспарлап отырмыз. Құжаттары дайындалып жатыр ма?--құжаттары дайындалып жатыр. Қазір қосымша құрылыстар салу арқылы одан кей ін күрделі жөндеу. Күрделі жөндеуге келесі жылы біз алты мектептің күрделі жөндеуіне жобалау-сметалық құжаттарына өтініш беріп отырмыз қаржы қарастыруға.

А. Төребекқызы