Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қарағандыда өгей әкенің тәрбиесіндегі 7 жасар бала ауруханаға түсті

AstanaTV
25.11.2019ж. 20:00
1927
Қарағандыда өгей әкенің тәрбиесіндегі 7 жасар бала ауруханаға түсті

Қарағандыда 7 жасар балаға қорлық көрсеткен өгей әкенің озбырлығын баланың туған анасы жасырып келген. Осылай деген баланың туған әкесі ұлын таяққа жыққандарды қатаң жазалауды сұрайды. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Руслан ЖҮСІБАЕВ, ЖАПА ШЕККЕН БАЛАНЫҢ ӘКЕСІ:

Мен балаңыз жансақтау бөліміне түсті дегенде  шошып кеттім. Баламды аямай таяққа жығыпты. Психикасына, денсаулығына зиян келген. Әлі емделіп жатыр. Сондықтан әйелімді де, баламның өгей әкесін де жауапқа тартуды сұраймын.


Таяққа жығылған Яролавтың фотосын туысқаны әлеуметтік желіге жариялап, елден көмек сұрады. Білім бөлімінің хабарлауынша, бала мектепке бірнеше рет көгеріп келген.