$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елбасы Н.Ә. Назарбаев еліміздің талантты жастарымен кездесті

AstanaTV
27.11.2019ж. 20:00
5133
Елбасы Н.Ә. Назарбаев еліміздің талантты жастарымен кездесті

Ауылды жерлердегі жастардың инновациялық технологиялармен айналысуына толық жағдай жасалады. Бүгін талантты жастарымен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алыс аймақтардағы білікті өрендерді тауып, оларға қолдау көрсету қажеттігін айтты. Жүздесуде білім, ғылым, медицина саласында үздік шығып, жаңалық ашқан азаматтар Елбасыға жұмыстарының жетістіктерін баяндады. Әлихан Асқарұлы жалғастырады.

Бұл жастар осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорынан қаржылай қолдау алып, әр салада өз ісін бастаған. Бүгінде олар медицина, робототехника салаларында әлемде теңдесі жоқ озық жаңалықтар ашты.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Талантты ұрпағымыз бар. Соны көргенде, болашаққа сенім бойыңды алады. Еліміз біздің ұзағынан Тәуелсіздігі болады десе, ғылым мен білімге ынталануымыз керек. Оған біз ешқандай қаражатты да аямаймыз.

Кездесуде Елбасы жаңа технологияларды дамытуға ауылдық жастарды көптеп тарту керектігін атап өтті. Ол үшін 2020 жылы Қазақстаннның барлық мектептерінде ерекше қабілеті бар балаларды іріктейтін арнайы орталықтар ашылады.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ауыл мектептерінің ешқандай басқадан кемістігі жоқ. Өзіміз жетістігімен мақтанатын талай тұлғалар, нағыз патриоттар ауылдан шыққанын білесіңдер ғой?! Сондықтан, басты мақсат - өңірлерде ең қабілетті балаларды іріктеу. Бұл ретте тек жиған білімге ғана емес, оқушылардың оны тиімді қолдана білуіне басымдық білдіру керек. Жаңадан әзірленген арнаулы бағдарлама бойынша, ауыл мектептері модернизациядан өтетін болады.

Кездесуде жастар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан арнайы марапаттар алды. Солардың бірі - Батыр Сардарбек. Ол небәрі 17 жаста. Батыр физика, химия саласындағы қиын есептерді тез әрі дәл шығаратын компьютерлік бағдарлама құрастырған.
 
Батыр САРДАРБЕК, СТУДЕНТ:

Менің ойымша, Қазақстанда IT саласы қатты дамымаған. Осы олимпиадаларды Қазақастанда дамытып, басқа балаларға көрсетіп соны дамытқым келіп тұр.

Жиында Елбасы ерекше баға берген жұмыстардың бірі Нұрбек Нәдіровтың медицина саласындағы жаңалығы. Ол балаларда туа біткен омыртқа қисаюы ауруын емдейтін әдісті ойлап тапқан.

Нұрбек НӘДІРОВ, ОРТОПЕД-ДӘРІГЕР:

Операция жасаған кезде темір қоямыз, арқасына баланың. Жаңағы қисайып тұрған омыртқаны түзелуі жөнінде. Сонымен, сол металлмен қалады ол бала. Бір 200-ге жуық балаларға операция жасаймыз жылына.

Кездесуде киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі де сөз болды. Бұл салада қазақстандықтар ойлап тапқан комьютерлік бағдарламалар әлемдегі үздік 10-тың қатарында.

Ә. Асқарұлы