Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ауылдың тұрмысы жақсарып, көркейе түседі, - Р. Даленов.

AstanaTV
03.12.2019ж. 20:00
2148
Ауылдың тұрмысы жақсарып, көркейе түседі, - Р. Даленов.

Ауылдың тұрмысы жақсарып, көркейе түседі. Жағдайы нашар ел азаматтарының тағы бірқатарының несиесі кешіріледі. Бүгінгі Үкімет қабырғасында келтірілген мәлімделер осындай. Елдімекендерді дамытуға бағытталған Үкімет отырысынан тілші тарқатады.

Елдегі азық-түлік бағасының күрт шарықтап кеткені Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің назарына іліккені белгілі. Бұл жағдай бүгінгі Үкімет отырысында да сөз болды. Үнемі дүкен аралап, тауар бағасын бақылап отырамын деген қаржы министрі кейбір ғана азық-түлік бағасы өсті деп отыр. 

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:


Біз бұл мәселемен айналысамыз. Тұрақты бақылауда ұстаймыз. Мен өзім де дүкенге жиі барамын. Апта сайын тауар сатып аламын. Бағаның қалай өзгеретінін көремін. Кейбір тауардың  бағасы қымбаттағаны рас. Алайда, керісінше, арзандап жатқандары мен тұрақты бағалар да бар. Сіздерге көбінесе қымбаттаған баға бірден көзге түседі.

Сонымен бірге, жақын күндері ел тұрғындарының тағы біршамасының несиесі кешірілетін болды. 500 мың азаматтың қарызын өтеп берген мемлекет, тізімді тағы да толықтырмақ ниетте. Ол үшін ел қазынасынан қаржы қарастырмақ.  

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Ол сұрақты біз қазір пысықтап жатырмыз. Соңғы мәліметтер бойынша тағы да қосымша біраз адамның несиесі азайтылады. Мемлекеттің тарапынан. Сондықтан бұл тізімді біз қарап, барлық деректер тексерілгеннен кейін барып оны айтамыз.

Өңірлерді дамытуға бағытталған жиында Ұлттық экономика министрі алдағы 5 жылда ауылдар адам танымастай өзгереді деп отыр. 7 млн халық тұратын 3500-ге жуық елдімекен жаңғыртылмақ. Бұл ауылдағы жұрттың 90 пайызы.

Руслан ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Олар сапалы инфрақұрылымға қол жеткізетін болады. Су, жарық, жылу, жол, мектеп, аурухана және тағы да басқа қажетті жаңа нысандар салынады. Ауылдың тұрмысы жақсарып, тартымдылығы артады. Бұл ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға әсер етеді. Ауылдағы өндіріс иелері үшін нарық қалыптастырамыз. Шикізаттық емес, жалпы ішкі өнімнің өсуі қамтамасыз етіледі. Көлік байланысы жақсарады.

Бүгінгі отырыста мемлекет ауыл шаруашылығының кей өнімдерін субсидиялаудан бас тартатыны белгілі болды. Оның ішінде дәнді дақылдар мен бау-бақша өсімдіктері бар. Сонымен қатар, ірі қара мал етін, жұмыртқа, сүт өнімдері, күріш пен мақтаны қаржыландыруды да тоқтатпақ. Өйткені, министрліктің пікіріншек, елдегі тауардың бұл түрлері өзін-өзі ақтай алады. 

А. Мүтәлі