Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Нұр-Сұлтанда тұрғындар қоғамдық көлікті көп күтеді

AstanaTV
03.12.2019ж. 20:00
2519
Нұр-Сұлтанда тұрғындар қоғамдық көлікті көп күтеді

Нұр-Сұлтан қаласының кейбір тұрғындары қоғамдық көлікті 1 сағатқа жуық күтеді. Редакциямызға хабарласқан елордалық Ләззат Ғалиева осындай шағым айтты.  Ол адамдар автобусты 40 минуттан артық күтеді деп отыр. Қала тұрғыны қақаған қыста жылынар аядамалардың жоқтығына және автобустардың іші лық толы болатынын айтып арызданды.

Ләззат ҒАЛИЕВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ТҰРҒЫНЫ:

47, 15, 51, 56-шы автобустары нашар жүреді. 47-ге келген бетте сыймай қаламыз. 3-ші рейсті күтіп отырамыз. Автобуста шоферлар ұрысады адамдармен. Жұмысқа жете алмаймыз.

Осы мәселеге қатысты мән-жайды білу үшін «Астана LRT» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көлік мамандарының біліктілік орталығы директоры Жеңіс Жалбырға хабарласып көреміз. Сәлеметсізбе, Жеңіс Қуандықұлы. 47, 15, 51, 56-шы автобустар неге 40-50 минутқа дейін кешігеді? Қадағалау жүргізілмейді ме?

Жеңіс ЖАЛБЫР, «АСТАНА LRT» ЖШС КӨЛІК МАМАНДАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІК ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫ:

Сәлеметсізбе, кеш жарық! Қадағалау әрине жүргізіледі және біздің осы автобустар арнайы жиілікпен жүреді. 47-ші бағдар 12-20 минут, 15 бағдар 12-15 минут жиілік және 51 ол тітпі 5-10 минуттай жиілікте жүреді. 56-шы да осы 12-21 жиілікпен жүреді. Негізі бұл кейбір жағдайда кептеліс уақыттары болып қалады. Ол әрине сағат 7-9-ға дейін таңертең және кешкісін сағат 6-8-ге дейін бізде көп машина жол торабына шығады да осы автобустар ең жақсы бағдарларды байланыстырады. Сондықтан, кейбір кезде осындай жиілік уақыты ұзарып қалады. Негізінен біз қадағалаудың үстіндеміз. Біздің диспечерлік орталық 24 сағат жұмыс істейді. Түнде олар дайындықта болады.

Жақсы Жеңіс мырза!  Жеңіс мырза, біздің уақытымыз шектеулі.  Жұмыс басталар және аяқталар уақытта кейбір автобустарда ине шаншар орын болмайтыны рас. Автобустар жетіспеушілігі бар ма? бар болса мәселе қалай және қашан шешіледі?

Жеңіс ЖАЛБЫР, «АСТАНА LRT» ЖШС КӨЛІК МАМАНДАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІК ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫ:

Қазіргі кезде бізге 100 автобусқа таман осы тапшылық көріп жатырмыз. Бұл жаңарту бағдарламасына сәйкес, келер жылы 100 электробус іске қосылады деген жоспарлаудамыз. Сондықтан контрактіге қол қойылған. Бұл мәселені шешуде нақты қадамдарымыз бар. Жарты жылдың ішінде шешіледі.   

Сұхбатыңызға рахмет! Бізбен телефон арқылы байланысқа шыққан «Астана LRT» ЖШС Көлік мамандарының біліктілік орталығы директоры Жеңіс Жалбыр. Біз бұл мәселені назарда ұстаймыз. Қадірлі көрермендер, Егер сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауап іздейміз. Заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы байланысып, материал жолдаңыз. Біз оны эфирден көрсетеміз.

А.Асқарұлы