$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мектептер латын әліпбиіне 2020-шы жылы көшпейді

AstanaTV
05.12.2019ж. 20:00
2179
Мектептер латын әліпбиіне 2020-шы жылы көшпейді

Мектептер латын әліпбиіне жақын арада көшпейді. Өйткені, әліпбидің емеле-ережесі бекітілмеген. Бұл туралы бүгін Сенат отырысында мнистр Асхат Аймағамбетов айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, 2020-шы жылы мектептерге пилоттық негізде латын әлібиі енгізілуі керек болған.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:


Ол өте ұзақ процесс. Әуелі әліпбидің нақты нұсқасын бекіту қажет. Кейін соның негізінде мектеп бағдарламасы әзірленеді. Ал қазір бұл жұмыстар кешіктіріліп жатыр. 

12 жылдық білім беру жүйесіне көшетін мектептердің материалдық базасын жаңарту жұмыстары да кешіктіріліп жатыр. Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, министрлік құрамына көптеген басқарма мен бөлімше кіреді. Ал министрлік олардың жұмысын қадағалап үлгермейді. Сондықтан бұл білім ордаларында туындаған мәселелерді тез арада шешуге қолбайлау болып отыр. 

А. Аскар