Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстың 88%-ын колледж студенттері мен оқушылар жасайды - Ә.Оспанов

AstanaTV
06.12.2019ж. 20:00
3831
Кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстың 88%-ын колледж студенттері мен оқушылар жасайды - Ә.Оспанов

Кәмелеттік жасқа толмағандардың арасындағы қылмыстың 88 пайызын, колледж студенттері мен мектеп оқушылары жасайды. Полицияның дерегі осы. Соңғы статистикалық мәліметтер бойынша бұл санаттағы қылмыстың саны 9 пайызға төмендепті. Десе де ұрлық жасайтындар көбейген. Балалар неге қатігез? Бұл сауалға әріптесім Асылбек Данияр жауап іздеді.

Биыл кәмілет жасына толмағандар арасында 2 мың 171 құқықбұзушылық тіркелген. Полицейлердің пайымынша отбасындағы тәрбиенің әлсіздігі жасөспірімдердің қылмысқа баруына жол ашады. 

Әсет ОСПАНОВ, ҚР ІІМ ӘПК ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Көптеген жағдайлар пайдакүнемдік, зорлық сипаттағы қылмыстарды мектеп немесе колледж оқушылары жасайды. Оларды телефондар, қымбат заттар қызықтырады. Бұл жерде отбасындағы тәрбиенің жетіспеушілігі де әсер етеді.


Орта және арнаулы білім беретін мекемелерде арнайы инспекторлар бар. Олар құқықбұзушылықтың алдын алуы тиіс.

Айзада САПАРБЕКОВА, ПОЛИЦИЯ АҒА ЛЕЙТЕНАНТЫ:

Полиция инспекторының міндеті профилактикалық жұмыс. Яғни кәмелет жасына толмаған жасөспірімдермен профилактикалық жұмыс болып табылады. Алдын ала біз балаларды таңғы сағат 7 жарымнан бастап кәмелетке толмаған жасөспірімдерді мектептің табалдырығынан тосып алуға тырысамыз.


Психологтың пайымынша, балалар арасында қатыгездіктің өршуі үйдегі тәрбие мен өскен ортаға тікелей байланысты.

Ғалияш МАХАШОВА, ПСИХОЛОГ:

Агрессиялық тәрбие түр-түрлі болады. Ұрып-соғудан басталады иә? Мысалы менің өмірімде мынандай бала болды. Жасөспірім келді менің алдыма, әке-шешесі өте интелегентті , сондай әдемі адамдар. Өздері түсінбейді неге баламыз агрессиялы? Түсіндік кейін, себебін түсіндік  баланың өзі айтқан кезде. Баланы дұрыс нәрсе жасамайтын болса, әрекет жасамайтын болса түннің ортасында тұрғызып алып жалаң тізесімен күрішке отырғызады екен. Оның әсері денеге тиген қаттылық, жүрекке кетеді.

Психолог отбасында қатігездік көрген бала өмірге өкпелі, ызақор, кекшіл болып өсетінін айтты. Яғни мейрімділікке сусап өседі. Қазір қоғамда да, отбасында да мейірім мен тәрбие ақсап тұрғаны жасырын емес. 

А. Данияр