Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Павлодарда ер адамды белгісіз біреулер атып кетті

AstanaTV
09.12.2019ж. 20:00
1634
Павлодарда ер адамды белгісіз біреулер атып кетті

Павлодарда белгісіз біреулер ер адамды өз үйінің ауласында атып кетті. Оқиға таңғы уақытта болған. Полицейлердің айтуынша, қылмыскер әлі ұсталмаған. Зардап шегуші алған жарақатынан ауруханада көз жұмыпты.

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:


Аталған факты бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99- бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Қылмыскерді ұстау бойынша  іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.
  
Ал көршілері оны көлігін оталдырмақ болып, сыртқа шыққанда оққа ұшқанын айтады. Марқұмның шағын бизнесі болыпты. Көршілері оның өлімі осымен байланысты болуы мүмкін деп топшылайды.

Бейсара ШАЙКЕТОВА, ТҰРҒЫН:

Менің білетінім, бұл кісі бизнеспен айналысқан. Отбасы да жақсы кісілер.  Біз тұратын аудан өте қауіпті. Нашақорлар мен маскүнемдер толып жүреді. Оларды таңертең кешкісін байқап қаламыз. Сондықтан, оларда қару да болуы мүмкін ғой.

    
Ө. Қуанар