Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жамбылда бір мезетте 20-ға жуық көлік жол апатына ұшырады

AstanaTV
09.12.2019ж. 20:00
2039
Жамбылда бір мезетте 20-ға жуық көлік жол апатына ұшырады

Жамбылда бір мезетте 20-ға жуық көлік жол апатына ұшырады. Оқыс оқиға Ақшолақ ауылы маңындағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автодәлізінің 472 шақырымында болды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Тек екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Апатқа ұшырағандар арасында  Қордайдан Таразға ауырған адамды алып келе жатқан жедел жәрдем көлігі де бар. Жол-көлік оқиғасы қалың тұман мен жаңбырдан кейінгі көктайғақ кесірінен болған. Мына автодәліз бойында қаз-қатар келе жатқан 14 көліктің барлығы  бір бағытқа бет алған екен. Содан тайғанақтап тоқтай алмаған темір тұлпарлар бір-біріне соғылған. Осы оқиғадан кейін  бір сағатқа жуық жол қозғалысы тоқтатылды. Әзірге көлік жүргізушілерінің шығыны белгісіз.

Самат ҚҰСАЙЫНОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кінәлі кім? Біріншіден, әр жүргізушінің өзі кінәлі деп есептейміз. Өйткені  біріншіден тұман , екіншіден жолдың үстінде мұз болған. Жүргізушілер соны ескермеген. +Оның ішінде екі жүк көлігі болып отыр. Сонымен қатар бір жедел-жәрдем көлігі науқасты алып келе жатқан, жағдайы жақсы. Ол фельдшер оң көзі жағынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Д. Әлімқұл