Негізгі / Жаңалықтар / Қостанай облысында қос бүлдіршін қызыл жалынның құрбаны болды

Қостанай облысында қос бүлдіршін қызыл жалынның құрбаны болды

Қостанай облысында қараусыз қалған қос сәби қайтыс болды. Екіқабатты ескі үйден шыққан өрт 1 жастағы нәресте мен 3 жастағы бүлдіршіннің өмірін жалмады. Тағы бір отбасының үш баласы қызыл жалыннан кішкентай қыздың арқасында аман қалды. Тілсіз жаудың себебін тілшіміз Заңғар Санай анықтап көрді.

Екі күн бұрын ескі үйдің кіре берісінен тұтанған жалын баспананың шатырын шарпып өткен. Ата-ана жұмыста болғандықтан, үйдегі үш баланың есі шығып, есік жаққа жүгіріпті. Бірақ кіре берістегі қызыл жалыннан кері қайтқан. Осы тұста ортаншы қыз ойланбастан терезе арқылы сыртқа сытылып шыққан.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Александраның арқасында қалған балаларымыз аман қалды дейді зардап шеккен отбасы.Тоғыз жастағы қыз бала қызыл жалынды көре сала мына терезенің әйнегін сындырып, далаға атып шыққан. Көшедегі адамдарды көмекке шақырған.

Көліктің алдына көлденең жүгіріп шыққан балаға Бекежан Бектасов пен фельдшер Гүлнәр Мұстафина көмекке келеді. Олар дереу отқа оранған үйге жетіп, оның ішінде қалған екі баланы далаға алып шыққан.

Бекежан БЕКТАСОВ, ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ:

Жан-жағыма қарасам терезеден екі баланың дауыс шығады, қарап тұр маған. Алда мынадай труба жатыр екен. Трубамен ұрып терезені қираттым. Ішіне кірдім. Бірінші ер баланы 5 жастағы фельдшерге әперіп жібердім. Сосын екінші балаға көмектестім 11 жастағы қыз балаға.

Гүлнәр МҰСТАФИНА,ФЕЛЬДШЕР:

Скорый шақырдық. ЧС шақырдық. Өртсөндірушілер келді. Сосын сол баланы скорыйдың фельдшеріне тапсырдым. Күйік шалмаған. Баланың денсаулығы өте жақсы болды. Бірақ маңдайында жарақаты болды кішкентай қанаған.

18 жыл бойы осы үйді мекендеген Панфиловтар отбасы тілшілермен тілдесуден бас тартты. Өнегелі өрендер өрт қауіпсіздігін жақсы біледі. Сырттан кірген бөтен біреу кіреберісті қасақана өртеуі мүмкін,-деген өз болжамдарын айтты. Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы бұл болжамды әзірге жоққа шығарып отыр.

Азамат ОРЫМБАЕВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 

Бір адам болды ма,болған жоқ па? Балалардан болды ма?Кім екенін біз білмейміз. Бірақ жаңағыдай өрттің болжам себебі өртпен абайсыз болғандықтан деп есептеп отырмыз.

Қос сәбиді құтқарған жедел жәрдем көрсету бөлімінің қызметкерлері марапатталды. Бауырлары үшін басын қатерге тіккен Александраға да департаменттің алғыс хаты жолданды. Құтқарушыларды құттықтап жатқанда Әулиекөл ауданынан қаралы хабар жетті. Қараусыз қалған қос бүлдіршін өрттен ажал құшқан екен. Қыркүйектен бері облыс бойынша 13 адам қызыл жалынның құрбаны болған.

З. Санай