Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ақтау қаласының орталығында орналақан 22-нші мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлер газ құбыры жүргізілмеген

AstanaTV
09.12.2019ж. 20:00
3083
Ақтау қаласының орталығында орналақан 22-нші мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлер газ құбыры жүргізілмеген

Ақтау қаласының орталығында орналақан 22-нші мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлерге газ құбыры жүргізілмеген. 10 жылдан бері аудан әкімдігіне шағымданып барғанымен әлі күнге дейін мәселе шешімін таппаған. Әбден шарасыз қалған тұрғындар біздің арнамызға хабарласып, көмек сұрады. Айтуларынша, қыстың қақаған күндері үйлерін ток пештерімен жылытып отыр.

Бегалы ҚАНАТБАЕВ, АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жеті, Сегіз, Тоғыз, Оныншы домдарда газ жоқ.  4 этажды 5 этажды үйлер. Әр домда 50-60 квартирадан да бар десем болады. Газ жоқ, бәрі электро плитамен отыр. Алдыммыз қыс енді. Осылай жүре береміз ба, жылдан -жылға?

Ләйла ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Осы мәселеге байланысты Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Серік Ғұсманға хабарластық. Сәлеметсіз бе, Серік Гимранұлы.  Айтыңызшы неге газ жүйесі әлі күнге дейін жүргізілмеді? Мәселе неде?

Серік ҒҰСМАН, АҚТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ақтау қаласының 22-нші шағын ауданында орналасқан осы 3-4 үйдің газбен қамтылуы осыған шейін қала әкімдігімен осы қызмет көрсетіп отырған "Қар ТрансГаз" аймақ Маңғыстаулық өндірістік филиалмен бірлесіп қаралған. Бұл үйлер кезінде Совет дәуірде салынған Кеңестік дәуірде салынған үйлер болғандықтан оның жобасы да солай болған. Басынан бастап қосылмаған үйлер. Енді бұл мәселені түгел зерттеп қарап, бұл үйлерге техникалық жағдайы болмағаннан кейін оны қосу мүмкіншілігі жоқ. Бұл туралы ресми хаттарымыз бәріміз жиналғандығы туралы бар. Екіншіден тек қана 10-ншы Б үйіне қосылуға мүмкіншілік қарастырылып отыр. Халық тарапынан, тұрғындар тарапынан құжаттарын жинап, жасақтап беріп паспорттарын қарап біздер егер ол үйлерде жаңа перед планировка дейді ғой. Ішкі бөлмелерде егер бәрі заңға сәйкес, жобаға сәйкес сақталған болса, біздер мүмкіншілік қарастырып отырмыз. Тек бір үйге ғана беуге.

Ләйла ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Ал, қалған үйлер ше? Және осы бір үйге қашан жылу беріледі сонда?

Серік ҒҰСМАН, АҚТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Жылу Ақтау қаласында орталықтандырылған жүйесі жұмыс жасап тұр. Яғни 1060үй 75 КСК арқылы үйлерге жылу қамтылған. Бұл үйлерде жылу бар. Газ мәселесі кухняға газ тарту мәселесі бұларда қарастырылмай отыр. Жаңа жоғарыда айтқандағыдай, үйлер жобасы салынғанда Советтік дәуірде газ тартылмаған.

Ләйла ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Ток пештерімен жылытуда қауіпсіздік мәселесі ескерілген бе?

Серік ҒҰСМАН, АҚТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әрине, біздер жаңа жоғары да айтып кеткендей 75 КСК-мен жұмыс жасаймыз. Халықпен жұмыс жасап отырған тікелей әрбір үйде. Бұл жерде барлығы апта сайын өзіміздің штабымыз бар. Бұл мәселені әр аптада протокольный жаңағы әркім тапсырма беріп, қадағалау туралы ескертіледі. Әрине, бірақ қалада толық 100 пайыз жылу орталықтандырылған, қамтылған.

Ләйла ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Бізбен бірге байланыста болған Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Серік Ғұсман. Көрерменіміздің мәселесін жақын арада шешіп бересіздер деп сенеміз. Біз де бұл мәселені бақылауда ұстаймыз. Сұхбатыңызға рахмет! Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын іздейміз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады.

А. Данияр