«Ұлттық тестілеу орталығының» бұрынғы директорымен қоса істі болған орынбасары Дархан Жақсыбеков құны 9 миллиондай болатын «Toyota Camry» көлігін пара ретінде алған. Оның өтемі ретінде аймақтарда бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастыру кезінде "ProBusineSS.kz" серіктестігінің мүддесін қорғауды өз мойнына алған. Сот бүгін оны кінәлі деп тауып, 7 жылға соттады.
Ботагөз БАЯНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
№ 2 Байқоңыр аудандық сотының үкімімен Дархан Жақсыбеков қылмыстық кодекстің 366 бабының 3-ші бөлігі, 3 тармағымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін, яғни ірі көлемде пара алғандығы үшін кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.