$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматының атышулы Алғабас ауданында көп қабатты үй қисайды

AstanaTV
11.12.2019ж. 20:00
2371
Алматының атышулы Алғабас ауданында көп қабатты үй қисайды

Алматының атышулы Алғабас ықшам ауданында тағы бір көпқабатты баспана бір жағына қарай жантайған. Тұрғындар осылай деп дабыл қақты. Бірақ әкімдік өкілдері алаңдауға еш негіз жоқ деп сендірді. Қауіпсіздігі үшін алаңдаған халықпен тілдесіп қайтқан әріптесім Әсем Лесбек баяндайды.

Сапасыз құрылыс! Осылай деп ұрандатқан қаладағы бұрынғы атауы «Алғабас» қазіргі «Зерделі» деп аталатын ықшамауданының тұрғындары бүгін пәтер алдына жиналды. Нөмірі 179-шы үйдегі пәтерлердің есік-терезесіне сызат түсіп, ашып-жабылуы қиындай түскен. Жұрт тоғыз қабатты баспана артқа қарай қисайған дейді.

Мадина ТҰҒАНБАЕВА, ЗЕРДЕЛІ ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мына асфальт трещина берді. Сосын мына үйдің  жоғары көтерілсеңіз 9 қабаттан көрінеді кәдімгідей. Алдында бір 20 сантиметрдей болса, бүгін уже 30 сантимерге екі-үш күннің ішінде қисайған. Есіктер жабылмайды немесе ашылмай қалады. Әсіресе мына артқы жағының қисайған жақтың есіктер жабылмайды.

72 пәтерлі үй осыдан 6 жыл бұрын берілді. Тұрғындар оны «Қолжетімді баспана» бағдарламасымен алдық дейді.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:
 
Тоғыз қабатты баспананың артқа қарай қисай бастағанын үйдің шатырынан да анық байқауға болады. Тұрғындар бұл жер 37 сантиметрге қисайса, астыңғы қабыт 25 сантиметрге жуық қисайды деп отыр.

Әсел БАЗАРОВА, ЗЕРДЕЛІ ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Аударма. Пәтердің артқа қарай шалқайып тұрғаны үйдің ішінде отырғанда да қатты білінеді. 2-3 күн болды ұйқы жоқ. Қорқамыз. Кеше өлшегенімізде пәтердің астыңғы қабаты 25 сантиметрге, үстіңгілері 30-37 сантимерге қисайып тұрған. Күннен-күнге үдеп барады.

Кәкімбек АЮБАЙ, ЗЕРДЕЛІ ЫҚШАМАУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Егер аяқ-асты апат болып үй құлайтын болса,  кілең жас отбасылар бар, өрімдей жас балалар сол ұрпақтарға зиян келеді. ЧС-тің адамдары жүр екен. Ол кісілерге не шара қолдандыңдар не істейсіңдер бекітесіңдер ма әлде басқа бірдеме бар ма десек, ештеңе де істемейміз, қай уақытта шешіп шығарады соған қарай шара қолданамыз дейді.

Дабыл қаққан жұрт осыдан 3 жыл бұрын 40 сантиметрге қисайған көршілес үйдің кебін киеміз бе деп үрейленеді. Ал әкімдік өкілдері тұрғындарға жағдайдың аса қауіпті емес екенін айтты. Олар үй бар болғаны бір сантиметрге ғана қисайған деп отыр.

Қуандық АЙТМАҒАМБЕТОВ, АЛМАТЫ қ. ЖАЙЛЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Тұрғындар қасындағы үйлермен салыстырып жатыр. Құрылыс жүргенде әр үйдің посадкасы әр түрлі. Бір линиямен салынбаған үйлер. Сыртынан қарасаң ойлап қалады мына үйлер қатты қисайып жатыр деп. Бір, 0,5 сантиметр осадка берген. Ол допустимая норма. Енді соны қарайды неге ондай осадка берген екенін.


Сондықтан мұндағы жұртты эвакуациялаудың қажеті жоқ деген мамандар топырақ сынамасы алынып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге кіріспек. Бірақ тұрғындар қалалық билік пен құрылыс компаниясы өкілдерінің сөзіне мүлдем сенбейді. Сондықтан өздері тоғыз қабатты үйге тәуелсіз сараптама жасауды көздеп отыр.

Ә. Лесбек