Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Сирия АҚШ-тың өз бәсекелестерімен есептесу алаңына айналды

AstanaTV
11.12.2019ж. 20:00
1570
Сирия АҚШ-тың өз бәсекелестерімен есептесу алаңына айналды

АҚШ Сирияны өз бәсекелестерімен есеп айырысу алаңына айналдырды. Бүгін Нұр-Сұлтанда өткен Сирия келіссөзінің 14-ші отырысында Сирияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Башар Джаафари осылай деді. Дипломаттың айтуынша, АҚШ Сириядағы мұнай кен орындарын басып алу үшін "қарулы қастандық" жасаған. 

Башар ДЖААФАРИ, СИРИЯНЫҢ БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

Американдық басқындардың қандай әрекетке барғанынан хабардарсыздар! Олар Сириядағы мұнай ұңғымаларын басып алу үшін қару қолданып, қастыққа барды. Америка бүгінде Сирия аумағын өз жаулары мен бәсекелестерімен есеп айырысу алаңына айналдырып отыр. Америка және батыстың басқа елдері арасындағы алаң.

Келіссөзден соң сөз алған Иран Сыртқы істер министрінің көмекшісі ДАИШ қайта күшіне міне бастағанына алаңдаушылық білдірді. Террорлық ұйым Сирия мен Иракта күш жинап жатқан көрінеді. Али Асгар Хаджи аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылық үшін бұған халықаралық қауымдастық бұған қарсы тұруы керек деп отыр. араласуы тиіс деп отыр. Сондықтан терроризммен күресті жүйелі өткізу керек деген ұсыныс айтты.

А. Мүтәлі