Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Мереке күндері бірнеше бағытта қосымша пойыздар шығады

AstanaTV
11.12.2019ж. 20:00
2887
Мереке күндері бірнеше бағытта қосымша пойыздар шығады

Қос мереке қарсаңында жолаушылар санының артатынына байланысты қосымша электр пойыздары шығарылмақ. Нұр-Сұлтан-Атбасар бағытындағы пойыз желтоқсанның 17 мен 31 күні жүреді. Ал Нұр-Сұлтан-Павлодар бағытына осы айдың 14, 28 және қаңтардың 4-і күні жолға шығады. Бұдан бөлек, ұлттық тасымалдаушы компания Алматы-Шымкент, Алматы-Түркістан, Маңғыстау-Бейнеу, Нұр-Сұлтан-Шу бағыттарында да қосымша 4 жолаушылар пойызын қосады.

А. Асқар