Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

АӘК заңсыз тағайындаған мемлекеттік қызметкер жазаланды

AstanaTV
12.12.2019ж. 20:00
1713
АӘК заңсыз тағайындаған мемлекеттік қызметкер жазаланды

Атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындаған 200-ге жуық мемлекеттік қызметкер анықталып, жазаланған. Олардың 15-і қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. Сондай-ақ, министр қаңтардан бастап берілетін жаңа жәрдемақыларды жіктеп берді. 
   
Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Сәуір, мамыр айларында бірнеше заң бұзушылықтар тіркелген еді. Бірі жаңағы қызметкерлердің тарапынан, бірі табыс көзін жасырып қалған тұрғындардың өзі. Ал жаңа жылда, мәселен 4 баласы болса 40 мың теңгеден астам беріледі. Табысы және тағы басқасы есептелмейді. Және ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына да жетпей отырған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беріледі. Бұрынғыдай 21 мың теңге емес, неше жетпей тұр сол ғана беріледі.

Министр қазіргі уақытта енбекке қабілетті болса да 30 мыңнан астам ер азамат Атауалы әлеуметтік көмекке иек артып, өмір сүріп отырғанын айтты. Бұл проблеманы шешу үшін оларға жұмыс ұсыну көзделіп отыр. Егер бас тартса, отбасы көмектен қағылмақ.

Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

15 аймақты аралап шықтым. Халықпен, шаруа қожалықтарымен кездестім. Олар ерлердің жұмыс істеуге бармай отырғанын айтады. Себебі жұбайы 200 мың теңге Атаулы әлеуметтік көмек алады. Жұмысқа жарамды болып тұрса да  ол 100 мың теңгенің жұмысын істегісі келмейді. Бұл дұрыс емес, олар жұмыс істеуге тиіс.

Ә. Өмірзақ