Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Шымкентте ит пен мысық аулаушылар жұмыстан кетіп жатыр

AstanaTV
12.12.2019ж. 20:00
5742
Шымкентте ит пен мысық аулаушылар жұмыстан кетіп жатыр

Шымкентте ит аулаушылар жаппай жұмыстан кетіп жатыр. Арнамызға арыз айтқан бір топ азаматтың сөздеріне сүйенсек соңғы екі тәулікте 10 бригаданың алтауы жұмыстан шығып үлгерген. Ал, бұған жауапты мамандардың өз уәжі бар. Тараптарды тындаған тілшіміздің бейнематериалы.

Шымкенттік Болат Сатенов қалада қараусыз қалған ит пен мысықты аулайды. Ол бұл қызметке былтыр орналасыпты. Дегенмен биыл күзден бері жалақы уақытылы берілмей, бас ауруға айналғанына шағымданады. Күнкөрістің қиындығынан жұмыстан да бас тартқан. Бірақ алашағын әлі алмапты.    

Болат САТЕНОВ:

 
Басшыға да кіріп шықтық, -білмеймін, дейді басшы да, -«заңды болса береді, заңсыз болса бермейді»-деді. Бірақ трудовойда печать барлығы ұрылып тұр, пенсионный, подоходный налог барлығы ұсталып жатыр. Мына жігіттердің барлығы ала алмай жүр ғой рассчетныйды, 2018-де де, 2019 да да істеген барлығы. Үйінде отырғандар да бар ала алмай отырғандар.

Ал ветериналиялық қызмет басшысы жалақыдан проблема жоқ деп кесті. Қазір қалада бес бригада бар, оған қосымша тағы екі бригада келісім-шарт негізінде жұмысқа қабылданған. Айлық уақытылы беріліп жатқанын жеткізді. Ал жұмыстан кеткендегі толық сумма келісім-шарттағыларға қаралмаған деді. 

Сырым ӘБДІХАЛЫҚОВ, ШЫМКЕНТ қ. «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ» МКК ДИРЕКТОРЫ:

Келісім- шарт дегеніміз  олардың қызметін  мен төлеймін. Әр басына аулаған итінің басына төлеп отырдым, ол жерде договорда қаралған толық қандай біздерде қызмет болады. Ай сайын есеп береді олар. Ай сайынғы есеп бойынша мен оларға айлықтарын төлеп отырдым. Рас, осы соңғы екі айда ақшадан іркілу болды , дегенмен кешегі екі айды қосып мен  декабрьдің 6-на дейінгі айлықтарын төлеп бердім.

Ветериналиялық қызмет басшысының сөзінше биылғы жылға Шымкент қаласы бойынша ит-мысықтарды аулауға 120 млн теңге бөлініпті. Бұл қаржыға 40 мың қаңғыған жануарды аулауы тиіс. Жоспар орындалылп жатқанын жеткізді. Ал, наразы топ мұнымен тоқтамақ емес. Олар еңбек инспекциясына шағым жазды.

Ғ. Өтемісов