Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Көңілді тапқырлар клубына 20 жыл

AstanaTV
12.12.2019ж. 20:00
3103
Көңілді тапқырлар клубына 20 жыл

Көңілді тапқырлар клубына биыл 20 жыл толды. Осыған орай, ел астанасында «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының қолдауымен "Жайдарман" фестивлі өтті. Ашылу салтанатында сөз алған партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек  тәуелсіздік күні мерекесі мен қазақ КВН-нің 20 жылдығымен құттықтады.

Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Nur Otan» партиясы - қоғамдық ұйым ғана емес, саяси күш. Сондықтан «Nur Otan» партиясының басты мақсаты - азаматтарға әлеуметтік лифтілерді беріп, билікке дарынды, білімді және елін сүйетін жандарды көтеру. Елбасы маслихаттардың 20 пайызын жастар құрауы керек деген тапсырма берген болатын. Біз партия тарапынан дарынды жастарға болашақта мемлекет өміріне араласуға жол ашамыз.

    
Әзіл кешінде ел аумағынан келген 9 үздік команда мен Моңғолия құрамасы өнер көрсетті. 2018 жылғы Республикалық "Жайдарман" ойындарының жоғарғы лигасы чемпионы - "Байдың балалары" командасы да бар.

Ұлан МЫҚТЫБЕК, "БАЙДЫҢ БАЛАЛАРЫ" КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жайдарманда кез келген жайдарманшы мәңгілік жайдарман ойнамайды. Себебі, белгілі бір межеге жеткеннен кейін өзіне байланысты ғой, өзінің еңбекқорлығына, ізденісіне байланысты деңгейіне жетіп жатады. Сондықтан да қазіргі таңда Жайдарманның әлі де берер нәрсесі көп,берген нәрсесі де көп. Осы Жайдарманның арқасында бірнеше жетістіктерге жеттік.


А. Данияр