Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Оралда көлік салығын төлемегендер азаяр емес

AstanaTV
13.12.2019ж. 20:00
2488
Оралда көлік салығын төлемегендер азаяр емес

Оралда "Көлік салығын төле!" атты ерекше акция өтті. Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері полициямен бірге тұрғындарды салық төлеуге шақырды. Мысалы, қозғалтқышының көлемі 5,5 литрлік мына «Гелендвагеннің» қожайыны салық төлеуге асығар емес. Оның көлігін бүгін мамандар тәркілеп, эвакуаторға тиеп алды. Оған ескерту ұранын жазып, қаланы аралап шықты. Енді бұл көлік айыптұраққа қойылады. 500 аттың күші бар көлігі үшін 400 мың теңге қарызын төлемейінше, иесі жаяу жүруге мәжбүр. 

Оралда көлік салығын төлемейтіндер азаяр емес. Бір қызығы, салықтан жалтаратындардың дені - қалталы азаматтар. Олардың жалпы қарызы 300 миллион теңгеден асады. Қарызды өндіру үшін борышкерлердің шетелге шығуына тыйым салыныпты. Банктегі есеп-шоттары да бұғатталған. Бірақ бұдан да нәтиже шықпағасын, мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері полициямен бірге берешек азаматтарды іздеуге кірісті.

Нұрлан ЖАЙЛЫБАЕВ, ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бізде салық төлеушілердің қатарында уақытылы төлейтіндер - қарапайым адамдар. Мысалға айтсақ, зейнеткерлер, мемлекеттік қызметкерлер. Мұндай қымбат автокөлігі бар салықтөлеушілер салық төлеу мерзімін ұмытып кетуіне байланысты немесе қате төлеуіне байланысты осындай бережақтар пайда болып жатыр.


Е. Карин