$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Түркістанда берілген жаңа баспаналарда коммуналдық желі жоқ

AstanaTV
18.12.2019ж. 20:00
4792
Түркістанда берілген жаңа баспаналарда коммуналдық желі жоқ

Түркістан қаласында жетімдерге мемлекет тарапынан берілген баспанада  коммуналдық желі жоқ. Яғни жарық, су, жылу қосылмаған. Редакциямызға хабарласқан шаһар тұрғыны Сымбат Қошқарова осылай деді. Оның айтуынша пәтер кілтін қараша айында алған. Бірақ, коммуналды желі қосылмағандықтан баспаналарына кіре алмай отырғандарын айтады.

Сымбат ҚОШҚАРОВА, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Бізге Снонстан (көше) үй берілді. Берілгеніне 3 апта болды. Только кілт берді, әлі ішіне кірген жоқпыз. Не светі, не жылуы не суы жоқ ішінде.

Мәселенің мән-жайын білу үшін Түркістан қаласы әкімдігінің өкілдерімен хабарласып көрейік... Қала әкімінің орынбасары Жандос Байырханов бізбен байланыста екен. Кеш жарық, Жандос Бақытбекұлы! Тұрғын үйдің коммуналдық жүйелері іске қосылмаған деп жатыр. Олай болса неге кілт бердіңіздер?

Жандос БАЙЫРХАНОВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Саламатсыздар ма?! Бұл жерде коммуналдық желілердің барлығы жоспарланған жоспар бойынша салынып жатыр. Негізгі жоспар бойынша біз осы жылдың аяғына дейін сол жердегі суын, электр желілерін, жылуды қосуымыз керек болған. Бұл жұмыстарды аяқтап, түгендеп қойдық. Негізінен кілттердің түгелі табысталды. Одан кейін тұрғындар әрбір жаңағы қызмет көрсетушімен барып келісім-шартқа отыруы керек. Келісім-шартқа отырып, өздеріне лицевой счет ашқаннан кейін үйлеріне су да, электр жарығы да, жылу да жіберілетін болады.

Демек, бұл кісілерге ақпарат дұрыс берілмеген болып тұр ғой. Енді бұл жұмыстар қашан толықтай шешіледі?

Жандос БАЙЫРХАНОВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Үйлер толықтай біткен. Мемлекеттік тіркеуден өткен. Тұрғындарға қазір кілтін беріп, келісімшарттарын таратып жатырмыз.  Электр жарығын, суды қосу үшін бірінші кезекте жаңағы айтып өткендей жеке счеттарын ашып, әрбір қызметтер, счетты түрімен сумен де, электр жабдығымен де, жылумен де. Содан кейін қабылдап, үйлерді кіре берсе болады тұрғындарға. Біз қызмет көрсетуге дайынбыз.

Рахмет, Жандос Бақытбекұлы! Бұл мәселе жақын арада шешімін табады деген сенеміз. Бізбен телефон арқылы тікелей байланысқа шыққан Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Жандос Байырханов. Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады. Біз сізбен бірге жауабын іздейміз.


А. Асқарұлы