$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстан мен Ресей "Бәйтерек" зымыран кешені бойынша міндеттерін бөліп алды

AstanaTV
18.12.2019ж. 20:00
2887
Қазақстан мен Ресей "Бәйтерек" зымыран кешені бойынша міндеттерін бөліп алды

«Байқоңыр» ғарыш айлағындағы «Бәйтерек» зымыран кешені 2022-ші жылы іске қосылады. Қазақстан мен Ресейдің ортақ жобасы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында талқыланды. Депуттатар жаңа жобаны мақұлдағанымен, біраз кемшін тұстарын да сынға алды.

«Байтерек» зымыран кешені Қазақстан мен Ресейдің ортақ жобасы. 2004 жылдан бері көтерілген бастама былтыр ғана қолдау тауып, қос ел жаңа кешенді құру туралы келісімге қой қойды. Ал бүгін Мәжіліс отырысында екі тараптың міндеттері айқындалды. 

Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ, ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ:

Жалпы алғанда Ресей Федерациясы зымыранды жасауға жауап береді. Ал біз жер үсті инфрақұрылым үшін жауап береміз. Осы жобада Ресей тарапы 916 млн АҚШ долларына бағаланады. Жер үсті инфрақұрылымын салу жұмыстары жүргізілетін болады. Осы жұмыстар 233 АҚШ долларымен бағаланады.

Алайда, депуттар жобаны мақұлдағанымен, аймақтың экологиялық ахуалына  алаңдаушылық білдірді.

Бекболат ТІЛЕУХАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:


Мына зымыранды ұшыру, халық арасында, жалпы қоғамда, қорғашан ортаға және халықтың денсаулығына қатысты үлкен алаңдаушылық тударып отыр. Білеміз ғой пратондардың құлағанын білеміз. Қаншама ауыл экологиялық апаттарға әкелгенін білеміз.


Ведомство басшысы аталған кешенде зымырандар гиптилді қолданбайтындығын жеткізді. Сондықтан қоршаған ортаға да зияны болмайды деп сендірді. Бұдан бөлек, депутаттар Бәйтерек зымыран алаңында жұмыс істей алатын мамандардың жеткілікті екеніне күмән келтірді.

Абай ТАСБОЛАТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:


А мы предполагаем что кадры должны быть подготовлены пораньше. И они должны были и стажировку пройти. Ответьте пожалуйста почему так поздно.

Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ, ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ:

Өздеріңіз білетіндей, "Бәйтерек" кешенінің құрылысы, іске қосу мерзімі біраз кешіктірілді. Осыны ескере отырып, біз мамандарды дайындау бойынша тиісінше жұмыс істейтін боламыз. Әрине, орталықты ашу ертерек ұйымдастырылуы тиіс болған. Дегенмен, маман даярлаудың өзі бұл ұзақ мерзімді қажет етеді.

Мәжілістің жалпы отырысында еңбек қатынастары туралы заң жобасы да қаралды. Жаңа құжатта әскерге шақыртылған азаматтың жұмыс орнын сақтап қалу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, жақындары күтім қажет еткен жағдайда толық емес жұмыс кестесіне көшу мүмкіндігі де бар. Жалақысын даулап жүргендердің де құқығын қорғау бойынша жаңа тармақтар енгізілген. 

Жанат ОМАРБЕКОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Заң жобасында біз жұмыскердің жауапкершілігін арттыруды көздеп отырмыз. Бұл барлық бапта қарастырылған. Бірақ біз оның аясын тағы да кеңейтуді қолға алдық. Жұмысшының жалақысын дер кезінде төлемеген кезде 0.25 пайызға дейін өсім көбейіп жатыр. Бұл инфляцияға байланысты.


Сонымен қатар, өндірістік жарақат кезіндегі туындайтын мәселелерде сөз болды. Мамандар жазатайым оқиғалардың 70-пайызына жұмыскердің өзі кінәлі болып қалатынын жеткізді. Сондықтан мұндай жағдайларды арнайы комиссия тексеруі тиіс деп отыр.

А. Мүтәлі