Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Каталония халқы Пучдемонның «тәуелсіздікті кейінге қалдыру» ұсынысына келіспейді

AstanaTV
11.10.2017ж. 20:00
2752
Каталония халқы Пучдемонның «тәуелсіздікті кейінге қалдыру» ұсынысына келіспейді

Каталондықтар үкімет басшысы Карлес Пучдемонның тәуелсіздік декларациясын қол қойып, бірақ оны жарияламау әрекетін сынға алды. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, ол Мадрид пен Еуопалық одақпен диалогты бастау үшін тәуелсіздік күте тұра деген. Ал, ел үкіметі женералитет басшысы жасаған референдум туралы баяндаманы заңға қайшы деген. Сондықтан оны елдің конститутциялық соты тоқтатқан болатын. Пучдемонды саяси партиялар да қоштамай отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Каталония басшысы баяндама барысында халық күткен тәуелсіздікті емес, референдум туралы сөз қозғап, Мадридпен және Еуроодақпен келіссөздер жүргізу үшін «күте тұрайық» деген. Ал ресми Мадрид әзірге келіссөз туралы жақ ашқан жоқ. Елдің әділет министірлігі референдум қортындысын мойындамайтынын айтты. Өзге ел басшылары да 10-шы қазанда өткен референдумды негізсіз деп бағалаған.

Микель Исета, Каталонияның әлеуметтік партиясының жетекшісі:

Біз мұндай екі беттікке жол бере алмаймыз. Осынша халық қолдап тұрғанда, сіздің өз ойыңызды жүзеге асыруға құқыңыз жоқ. Жайдан жай мандатыңызды да тоқтатуға болмайды.