$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қарды көтере алмаған ағаш медициналық мекемені қиратты

AstanaTV
20.12.2019ж. 20:00
3081
Қарды көтере алмаған ағаш медициналық мекемені қиратты

Алматыдағы медициналық мекеменің біріне қарды көтере алмаған ағаш құлап, жарамсыз етті. Тіпті қабырғасы қақырап, шатыры бүлінді. Абырой болғанда адамдар аман. Төтенше жағдай бүгін таңғы сағат алтылар шамасында болған. Бөлімдегі 21 науқас пен 11 қызметкер дереу басқа палатаға ауыстырылыпты. Айта кетейін, бұл нысан Республикалық психикалық ғылыми орталыққа тиесілі. Ол 1908-ші жылы салыныпты.

Николай НЕГАЙ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Нысан ескі болғанымен барлық талапқа сай болатын. Оған құлаған ағаш ауыр болғандықтан шыдас бермеді. Бірақ, қирап қалды, деп айта алмаймын. Емделушілердің барлығы дін аман, басқа бос палаталарға ауыстырылды. 

Бір ғасыр болған ғимарат осы оқиғадан кейін жарамсыз болып қалған. Мекеме басшысы: "ескі ғимарат "апатты" деп сүріле ме, әлде жөндеу жасала ма оны арнайы мамандар анықтайтын болады", - деді. Айта кетейік, қалада түнімен жауған қардың салдарынан ағаш құлау бойынша 8 факті тіркелген. 

А. Кемелжан