Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Нұр-Сұлтанда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» басты филиалы ашылды

AstanaTV
20.12.2019ж. 20:00
3351
Нұр-Сұлтанда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» басты филиалы ашылды

Биыл 700 астаналық жанұя "Бақытты отбасы" бағдарламасы арқылы баспаналы болды. Жаңа пәтер көпбалалы, тұрмысы төмен және мүмкіндігі шектеулі отбасыларға үлестірілген. Бұл жайында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Елордадағы бас филиалының ашылу рәсімінде белгілі болды. Банк депозит ашып, баспаналы болғысы келітіндерді жаңа кеңсенің қызметіне жүгінуге шақырып отыр.

Айнұр Зауырбекова - көп балалы ана. Ол 10 жылдан астам уақыт 4 перзентімен пәтер жалдап келіпті. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы 2015 жылы үй кезегіне тұрған астаналық, былтыр баспанаға қол жеткізген.
 
Айнұр ЗАУЫРБЕКОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өте қуаныштымыз. «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы 1 бөлмелі үйге қол жеткіздік. Баспананың 500 000 теңгесін өзім, 1 млн теңгені бізге Үкімет өтеп берді. Несие 15 жылға берілді. 10 пайыздық бастапқы жарнамен жылдық 2 пайыздық мөлшерлеме бойынша жеңілдетілген несие берілді.


Бүгінде баспаналы болу үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» көмегіне жүгінетіндердің қатары артқан. Нұр-Сұлтан қаласының өзінде 208 000 адамның банкте қоры бар болса, соның 50 мыңы шотын биыл ғана ашып отыр. Банк қызмет аясын тағы да кеңейтіп, бүгін жаңа кеңсенің есігін ашты. Бұл бас қаладағы басты филиал болмақ. 

Айдар ӘРІПХАНОВ, «БӘЙТЕРЕК» ХОЛДИНГІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Бұл біз үшін айтулы оқиға. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» - "Бәйтерек" холдингінің құрамындағы негізгі даму институттарының бірі. Нағыз халықтың банкі. Күн сайын орташа есеппен 190 банк салымшысы баспаналы болып жатыр. Салымшылардың да саны күн санап артып келеді. Жаңа офис заманауи стантарттарға сай жасалған. Салымшыларға барлық қызмет түрлері көрсетілетін болады.


«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» құрылғалы бері 200 мыңнан астам қазақстандық отбасы баспаналы болыпты. Биылғы жылы 10 мың астаналық банктің көмегімен қоныс тойын тойлаған. Әлі бір жарым миллион тұрғын осы мақсатта қаражат жинақтап келеді.

Айя Мүтәлі