Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Май құю бекеті қызметкеріне шабуыл жасалды

AstanaTV
23.12.2019ж. 20:00
2675
Май құю бекеті қызметкеріне шабуыл жасалды

Алматыда жанармай құю бекеті қызметкеріне қарақшылық шабуыл жасалды. Күдікті 40 мың теңге үшін бекет қызметкерін пышақтап тастады. Ішімдікке тойып алып қылмысқа барған күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалған. Зардап шегуші аурухаға жеткізілді. Тақырыпты тілші тарқатады.

Ішімдіктен туындаған қылмыстық іс өткен демалыс күні Жетісу ауданындағы көліктерге көгілдір отын құю бекетінде болды. Кезекші қызметкермен отырып ішімдікке тойып алған танысы кассаның ақшасын сұраған. Қарсылыққа көнбеген маскүнем жанармай құю бекетінің қызметкерін мойнынан екі рет пышақтап, кассадағы 40 мың теңгені қолды қылыпты.

Евгений ЛЫСЕНКО, АЛМАТЫ Қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жамбыл облыстық әріптестермен бірлесе отырып, күдікті бір тәулік ішінде құрықталды. Қазір ол уақытша тергеу изоляторында қамауда. Қылмыстық іске байланысты соталды тергеу басталды.

Ал, мойнынан ауыр пышақ жарақатын алған 54 жастағы бекет қызметкері жедел жәрдеммен аурухана жеткізіліп, ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, суық қарудан болған жарақат ауыр болмаған. Зардап шегушінің өміріне төнер қауіп жоқ.

Арсен СЕМЕНОВ, АЛМАТЫ Қ. №4 АУРУХАНАСЫ ХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ ДӘРІГЕРІ:
 
Зардап шегуші екі жерден жарақат алған. Мойынның алдыңғы тұсынан және желкесінен соққы жасалған. Ауруханада жедел ота жасалды. Күре тамырлары мен маңызды бұлшық еттеріне зақым келмегендіктен, ауруды аман салып қалдық. 

Қазір аталған факті бойынша қарақшылық шабуыл яғни, Қазақстан Республикасы Қылмытсық кодексінің 192 бабы, 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

А. Кемелжан