$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстан 5G интернет желісін енгізуге дайын, - ЦДИАӨМ

AstanaTV
23.12.2019ж. 20:00
2282
Қазақстан 5G интернет желісін енгізуге дайын, - ЦДИАӨМ

Қазақстан 5G интернет желісін іске қосуға дайын. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов бүгін «3-ші IoT Kazakhstan» халықаралық форумында осылай деді. Қазір елде жаңа желіні енгізуге дайындық пысықталып жатыр. Биылдың өзінде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 5G тестілік режімнен өткен. Ал оны ел аумағына толығымен енгізу 2021 жылға жоспарланып отыр. Вице-министрдің пікірінше, бұл жаңа жүйе экономика мен ақылды қалалардың дамуына серпін беріп қана қоймай, жаңа мамандықтардың пайда болуына жол ашпақ.

Дарын ТҰЯҚОВ, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:


Бүгінгі күні 5G желісін енгізу мәселесі байланыс операторларымен бірге талқыланып жатыр. 5G - жай ғана ұялы байланыс қана емес, телемедицина, өндірісті цифрландыру, пилотсыз көлікті басқару салаларын кеңінен қамтиды. Қазақстанның аймақтағы мобильдік трафикті белсенді қолданатын елдердің бірі екенін ескерсек, ел азаматтарының жоғары жылдамдықты интернетке сұранысы жоғары екенін аңғару қиын емес.


А. Мүтәлі