Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Биыл ел аумағына 30-дан астам шетелдік террорист кірді, -ҰҚК

AstanaTV
25.12.2019ж. 20:00
2015
Биыл ел аумағына 30-дан астам шетелдік террорист кірді, -ҰҚК

Биыл ел аумағына 30-дан астам шетелдік террорист кірген. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков Мәжілістің жалпы отырысында осылай деп мәлімдеді. Бұл лаңкестер қазір өз елдеріне қайтарылған. Бұдан бөлек, қазақстандық шекарашылар биыл халықаралық іздеуде жүрген 10 азаматты тұтқындапты. Шенеунік мұндай экстремистік ұйымдардың ел аумағына кіруін болдырмас үшін шекаралық ынтымақтастықты құрудың маңызы зор екенін айтады. 

Нұрғали БІЛІСБЕКОВ, ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Өңірлік терроризмге қарсы құрылымның аясында шекара тараптардың шекара қызметтері өзара қимылдарын қамтамасыз етеді. Жылына ең кемі екі рет осы шекара ведомсво басшылары бас қосып, отырыс өткізеді.  Отырыста қажетті шешім қабылдап, олар жүзеге асырылады.

Биыл 5-ші сессия басталғалы депуттар 77 заң жобасын талқылады. Оның 36-ы қаралып, мақұлданған. Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы және басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жаза қатаңдатылды.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:


Осы жолда біз Тұңғыш президентіміз, Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа белгілеп берген стратегиялық бастамаларды басшылыққа алдық. Сонымен бірге, сессияның ашылуында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев алға қойған мақсаттар біздің басым бағыттарымыз болды. 

А. Мүтәлі