Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Биылғы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары анықталды

AstanaTV
25.12.2019ж. 20:00
4603
Биылғы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары анықталды

Биылғы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары анықталды. Мыңнан астам өтініш білдіргендер арасынан 32-сі озық шықты. Оның 25-і халықтың ең жоғары даусын иеленсе, 7-еуін қазылар алқасы ұсынды. «Қоғам» номинациясы бойынша жеңімпаздар саны 11. Ал «Ғылым және білім-де» - төртеу, «медицина» саласында екі азамат. «Спорт», «бизнес» және «мәдениет» саласында бес-бестен. Сондай-ақ ең жас мектеп директоры Шәкәрім Сейсенбай да «100 жаңа есім» қатарынан көрінді.

Шәкәрім СЕЙСЕНБАЙ, НҰР-СҰЛТАН Қ. №54 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:


Жасым 28-де. Білім саласында 10 жылдай қызмет етіп келе жатырмын. Білім слаасы өзіме ұнағаннан кейін бұны мен бір жұмыс ретінде көрмеймін, бұл менің өмірімнің бір бөлшегі. Сондықтан қуана-қуана білім саласында жұмыс істеп жатырмыз.


Ә. Өмірзақ