Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

AstanaTV
27.12.2019ж. 15:00
3653
Жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Бүгін таңда Алматыдағы ұшақ апатынан қайтыс болғандардың саны нақтыланды. Құзырлы орындардың мәліметінше, 12 жолаушы мерт болды. Оның ішінде әуе кемесінің командирі бар. Тақырыпты тілші тарқатады.

АРШЫН КЕМЕЛЖАН, ТІЛШІ:


Мен қазір әуе апаты апат болған жерден 100 метр қашықтықта тұрмын. Менің артымда Алматыдан Астанаға бет алып, құлаған ұшақтың қирандылары жатыр. Бұл бэк эир компаниясының жолаушылар ұшағы болатын. Диспечерлердің мәліметінше, таңғы сағат 7,20 да ұшақ радардан жоғалған. Содан кейін Қызылту ауылы жанына құлаған.

Алдын ала жоба бойынша, ұшақ әуеге көтеріліп келе жатқан кезде апатқа жерге қайта құлаған. Ұшақ апатынан қаза болғандардың саны нақтыланды. Қайғылы оқиғадан 12 адам мерт болды. Олардың ішінде Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы Рұстем Қайдаров бар.

Марат КҮШТІБАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ ІІБ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Оқиға орнына Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының қызметеркелер келіп, қауіпздікті қадағалауда. Қазір біз құтқару жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мұнда құтқарушылар да бар, оқиға орны оқшауланды. Шамамен тоқсаннан аса жолаушы болған. Қайтыс болғандар мен жарақат алғандар бар.


Бұл апат орнындағы Марал есімді жолаушының бейнематериалы. Жолаушының айтуынша, оқиға қас-қағым сәтте болған.

Марал, ЖОЛАУШЫ:

Енді ұшқанымыз сол качать ете бастады. Түсінбей қалдық не болғанын. Жерге қонғандай болдық, соғылған екен. Менің есімде ештеңе жоқ. Біз қанаттың үстінде отырғанбыз, сол артқы жақта отырғандар аман қалды.

Ауруханаға жеткізілген 49 жолаушының он сегізінің жағдайы ауыр. Қазір аталған факті бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды.

А. Кемелжан