Алматыдағы ұшақ апатына байланысты, Президенттің тапсырмасымен арнайы үкіметтік комиссия құрылған болатын. Алқа мүшелерін Премьер-министр Асқар Мамин төрағалық етеді. Олар апаттың орын алу себептерін анықтауға кірісіп кетті. Ал, Ішкі істер министрлігі ұшақ апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Министрлік адамдардың қаза болуы фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 344 - бабы темір жол, әуе, теңіз қауіпсіздік ережелерін бұзу тармақтарына сәйкес тергеу жұмыстарын жүргізбек.