$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында билеттер қымбаттады

AstanaTV
27.12.2019ж. 15:00
3542
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында билеттер қымбаттады

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев әуежайында да жұмыс қызған. Бек-Эйрға билет алған тұрғындар, билеттерін кері өткізіп жатыр. Ал, өзге әуекомпаниялар ұшақ билетін қымбаттатып жіберіпті. Қазір әуежайдан әріптесім Әлихан Асқар бізбен тікелей балансықа шығады. Әлихан, Сіз эфирдесіз!

Әлихан АСҚАРҰЛЫ, ТІЛШІ:


Нұр-Сұлтан халықаралык әуежайы кассаларында ұзын-сонар кезек. «Бэк-Эйр» рейсіне алған билеттерін жұртшылық қайта тапсырып жатыр. Алматы маңында болған ұшақ апатынан кейін жүрегі шайлыққан жолаушылар «Эйр Астана» рейсіне билет алуға асығуда. Қайғылы оқиғадан соң басқа авиакомпаниялар билет бағасын 200-500 мыңға дейін көтеріп жіберген

Нұрдәулет ЗАТИЛЛА, ЖОЛАУШЫ:
 
Мен «Аваиато» сайтынан «Бэк-Эйр» компаниясына билет алдым. Нұр-Сұлтан қаласынан Шымкентке дейін. Бірақ, «Бэк-Эйр» бізге қазір билеттерді сайт арқылы қайтарыңдар деп жатыр. Ал, «Авиатомен» ешқалай хабарласа алмай жатырмыз, олар ешқандай нөмірге жауап бермейді және ешқандай SMS-терге де жауап бермейді. Дәл осындай жағдай үшін де мен сақтандыру полюсін де сатып алғанмын. Ол бойынша маған 150 мың теңгеге дейін ақшаны қайтаруы керек. Бірақ, оны қайтару үшін «Бэк-Эйр» компаниясына бару керек. Ал олар жауап бермейміз дейді. Сонда біз 3 компанияның арасында жүрміз. Ал ақша, уақыт кетіп жатыр. Кімге сенеміз біз? 

Әлихан АСҚАРҰЛЫ, ТІЛШІ:


Ал «Бэк-Эйр» рейсіне билеттерін тапсырып жатқандарға қайтарылуы тиіс сомма кассада таусылған. Дегенмен, жолаушылар аталған оқиғадан соң ұшаққа отырмай мүлде дұрыс емес деп санайды. Бұл тек жалғыз оқиға. Басқа рейстерде қайталанбауы мүмкін дейді. Дегенмен, Назарбаев әуежайында да адам қарасы қалың. «Бэк-Эйр» жолаушыларының туыстары әуежайдағы жедел желіге келіп жатыр. Тіпті Алматыдан келетін ұшақты күткендерде осы жерден табылды. Оларға да әуежай қызметкерлері көмек көрсетуде. Студия сөз кезегі өздеріңізде.  

А. Асқарұлы