Абырой болғанда жарылыс болған жоқ. Экономикалық шолушы Денис Кривошеев Алматы маңында болған ұшақ апатына қатысты осыны айтты. Ол бортта зардап шеккендердің басым бөлігі бизнес-класспен ұшқандар, дейді. Себебі жерге қонғанда негізгі соққы ұшақтың алдыңғы бөлігіне келген. Оның нұсқасы бойынша апаттың себебі қозғалтқыштың отқа орануы немесе ұшақтың тиісті деңгейде қызбауынан болуы мүмкін.
Денис КРИВОШЕЕВ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОЛУШЫ:
Әуе кемесі ұшу жолығанда көкке көтерілерде бірнеше рет жерге тиіп барып қана көтерілген. Неге ол тоқтамады немесе тағы алға жүріп барып қана ұшпады? Қазір тергеушілердің алдында тұрған негізгі сұрақ та осы.
Дегенмен сарапшының пікірінше "Фоккер 100" ең сенімді әуе кемелерінің бірі. Әрі тиісті тексеру жұмыстарынан толық өткен.
Денис КРИВОШЕЕВ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОЛУШЫ:
Мен кеше Алматыда Нұр Сұлтаннан ұшып келдім. Оларда көп апаттар болмаған. Диспечерлерден естуім бойынша қозғалтқышта от байқалған.