28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты қаралы күн жариялады. Бұл туралы "Ақорданың" ресми сайтында хабарланған. Ертең барлық тулар төмен түсіріліп, мерекелік шаралар кейінге шегіріледі.