Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ақтөбеде көктайғаққа байланысты қозғалыс шектелді

AstanaTV
27.12.2019ж. 20:00
2176
Ақтөбеде көктайғаққа байланысты қозғалыс шектелді

Ақтөбе облысында қар аралас жаңбыр жауып, қатты көктайғақ орын алған. Бүгінгі күні алты республикалық, үш аудандық маңызы бар жолда қозғалыс шектелді. Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті, полиция жолдағы қауіпсіздікті бақылауды күшейтті. Облыс орталығында да көктайғақтың кесірінен ондаған адам жарақат алып, ауруханаға түскен.

Татьяна ГИБАТОВА, ТҰРҒЫН:

Арнайы қызметтер дұрыс жұмыс жасамайды. Неге жеделдетіп құм , тұз төсеп, жолдарды ашпайды. Біздер қаншама шақырымды артқа тастадық. Кеденге барып, белгі қойдыруға бара жатырмыз. Қаладан бірден шығармау керек еді ондай болғанда.

Б.Рахметова