Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Таразда биік мұнаралы сағаты пайда болды

AstanaTV
27.12.2019ж. 20:00
7031
Таразда биік мұнаралы сағаты пайда болды

Таразда биік мұнаралы сағат пайда болды.  Ағылшындардың атақты көше сағатына ұқсас стела көне шаһардың көрікті нысанына айналып отыр. Сағат тілі Нұр-Сұлтан қаласының уақыт өлшемімен жүреді. Тіпті оның бір сағат сайын Лондондағы сағат қоңырауы секілді соғатын әуезді үні де бар.

Мұнараның биіктігі 40 метрден асады, ал сағаттың диаметрі 4 метр. Тағы бір ерекшелігі ол қаланың барлық бұрышынан көрінеді. Уақыт мұнарасы Самарқанд стиліндегі кірпіштерден, әрі майолика тасынан тұрғызылған. Алып сағатты аймақтың 80 жылдығына тарту ретінде демеушілер салып берген. Стелла «Көне Тараз» этно-мәдени кешенінің алаңына тұрғызылған.


Рахманқұл БАЙТЕЛИЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ САРАПШЫ ИНСПЕКТОРЫ:

 
Бұл енді алыс қашықтықтан жобаланып, басқарылып отырады компьютерлік тәсілменен. Жалпы құрылысы қысқа мерзімде екі айдың ішінде басталып, бітті, 100-ге жуық адам жұмылдырылып.

Назерке АСҚАР,  ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Бізге жаңа жылға берілген үлкен тарту болды. Бұл көшеде жүрсек өзіміздің Лондонда жүргендей сезінеміз. Яғни бұл Тараз қаласы Қазақстанымыздың Лондоны деп атасақ та болады енді. Бұрын бұл жерде Жамбыл атамыздың ескерткіші болды, оны орталық көшеге көшіргені дұрыс деп есептеймін.


Д. Әлімқұл