Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қызылорда қаласының маңындағы 175 көшеде асфальт түгіл тас та төселмеген

AstanaTV
06.01.2020ж. 20:00
3805
Қызылорда қаласының маңындағы 175 көшеде асфальт түгіл тас та төселмеген

Қызылорда қаласының маңындағы 175 көшеде асфальт түгелі тас та төселмеген. Белуардан балшық кешіп жүрген қала тұрғындары редакциямызға хабарласып, осылай деді. Батпақтан балалардың мектеп пен балабақшаға қатынауы былай тұрсын, тіпті жедел жәрдем көлігі де өте алмайтынына наразы. Тұрғындар әкімдікке қанша шағымданғанымызбен мәселенің шешілер түрі жоқ деп отыр.

Міне балшық көше. Адамдар жүре алмайды. Осылай жол жасап алғанбыз. Өзіміз құм төгіп түреміз. Мына жақта адамдар жүре алмайды. Мінекей, үйлер бар. Жағдайы келетіндер өздерінің үй жағына жол істеп алған. Мына жерге бізге скорый келе алмайды, жеңіл машиналар өте алмайды.
   
Жұлдыз ҚОЖАБЕКОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Арғын Әшірбеков көшесінде тұрамыз. Бізде жолдағы тас төселмеген. Ешқандай асфальт жоқ. Жолдың бәрі балшық болып жатады. Көшенің ұзындығының өзі 4 киллометр жерді алып жатыр. Басынан-аяқ ешқандай жол жоқ. 200 үй қол қойғызып апардық, ешқандай шешімі жоқ.

Оксана ПЕТЕРС -ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Осы мәселеге байланысты Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бердібаевқа хабарластық. Қайырлы кеш, Ерлан Қуахметұлы! Қала іргесіндегі  көшелердің жол проблемасы неліктен осы уақытқа дейін шешімін таппай келеді?


Ерлан БЕРДІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Қысқаша түсінікті болу үшін айта кетейін,  2019 жылы Қызылорда қаласы бойынша 907,1 миллион теңгеге 66 көше жөнделген болатын. Орташа жөндеуден өтті. Ал, енді биылғы 2020 жылға  563,3 миллионға  28 көшеге орташа жол жөндеуге конкурс берілді. Одан басқа тағы да 175 көшеге орташа жол жөндеу үшін 352 миллион теңгеге барлық құжаттар дайындалып бюджеттік өтінім беріліп отыр.


Оксана ПЕТЕРС -ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Көшелерге тас төсеп, асфальт салу жоспарда бар ма? Бірнеше жылдан бері өзекті болған бұл мәселеге қашан нүкте қойылады?


Ерлан БЕРДІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Жолдардың бәрі кезең-кезеңімен бітеді. Жаңағы айтқандай жоспардағы көшелер істеледі. Содан кейін келесі қаражатқа келесі көшелер істеледі. Жаңағы айтылған әшірбеков көшесіне байланысты. 2012 жылы 3 жарым киллометр жеріне тас төселген болатын. Қазір қосымша үй салынғаннан кейін ол жерлерге тас төселмеген,алайда осы жылы 96 миллион теңгеге барлық проэкт-сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттік өтінім беріліп отыр. Осы қаражат бөлінісімен жөндеуді бірден бастап кетеміз.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Енді биылғы жылы толық бітіре алмайсыздар ғой. Қанша жылға созылады бұл жол мәселесі?


Ерлан БЕРДІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Әшірбеков көшесінің мәселесі биыл жылы жасалып бітеді.


Оксана ПЕТЕРС -ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Биыл осы 200-ге жуық көшеге жолдарды саласыздар иә? Биыл нақты бітіресіздер ғой?

Ерлан БЕРДІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Иә, иә. Бітіреміз.

Оксана ПЕТЕРС -ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Бізбен бірге байланыста болған Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бердібаев. Көрерменіміздің мәселесін жақын арада шешіп бересіздер деп сенеміз. Біз де бұл мәселені бақылауымызға аламыз. Сұхбатыңызға рақмет! Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын іздейміз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады.

А. Данияр