Ақтөбеде мектеп оқушылары арасындағы төбелесте пышақ жарақатынан қаза тапқан 15 жастағы Мадияр Исмағұловтың ата-анасы, кінәлілер жазадан құтылып кетеді деп қауіптенеді. Олар бүгін әділдік іздеп облыстық сотқа келді. Қанды оқиғадан кейін күдікті ретінде колледж студенті қамауға алынған еді. Тергеу барысында тағы бір күдікті бар екендігі анықталған.
Арман ИСМАҒҰЛОВ, МАРҚҰМНЫҢ ӘКЕСІ:
Сол жерде болған балаларды сұрастыра келе тағы бір баланың аты аталды. Ол Диас. Тергеу екі ай бойы жүріп жатыр. Оны уақытша қамауға алды. Қазір судья санкция беруі тиіс. Біз сол соттың әділ болғанын қалаймыз. Кінәлі адам жазалануы тиіс. Ол жерде үш бала жарақат алды. Бір адамның бұл қылмысты жасауы мүмкін емес.
Еске сала кетсек, қайғылы оқиға өткен жылдың 10 қарашасында Ақтөбе қаласы Заречный-3 елді- мекеніндегі мектеп жаңында болды. Екі жаққа бөлініп төбелескен жиырма шақты жасөсірімнің үшеуі пышақ жарақатын алды. Ал 15 жастағы Мадияр болса, ауруханаға барар жолда көз жұмған.
Жасұлан ДӘУЛЕМБАЕВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ АЛМАТЫ АУДАНЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Бүгінгі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Бүгін сот қаулысымен тағы бір бала қамауға алынды. Ол тергеліп жатыр. Бұл тергеу амалдары біздің бақыламымызда, облыс прокурорының жеке бақылауында.
Б. Рахметов